Accessibility links

Филипп Киркоровты армяндар еліне жолатпады


Ресей эстрада әншісі Филипп Киркоров Армения астанасы Еревандағы концертін өткізбейтін болды. Шамамен 30 шақты армян студент және жастар ұйымы Киркоровтың жоспарланған концертіне кеше наразылық білдіріп, Киркоров армяндарға қарсы, түрікшіл, армяндық журналисті балағаттаған деп мәлімдеді. Филип Киркоров концертін 8 көкекте өткізбек болатын. Киркоров Ереванда жұрты мені тыңдағысы келмесе – солай-ақ болсын деп айтты.
XS
SM
MD
LG