Accessibility links

Қырғызстанға еуропалық ара-ағайыншылар келеді


Бiшкекке бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Дмитрий Рупель келмек. Украина және Грузия сыртқы істер министрлері де бүгін келіп, Қырғызстандағы жағдайда ара-ағайындық атқармақ. Қырғызстан бас министрі және уақытша президенті Құрманбек Бақиев Асқар Ақаев қызметінен ресми түсу үшін жақын арада елге оралса жаңа толқулар қозуы мүмкін, сондықтан қызметінен шеттетілген президенттің сыртта жүре тұрғаны жөн деп айтты. Ақаев Мәскеу түбінде баспана тапқан. Өткен бейсенбіде ереулшілер Ақаевтың бас кеңсесін басып алғанда Ақаев елден қашып кеткен болатын. АҚШ қолбасшысы Лэнс Смизс Қырғызстанның жаңа басшылығы американдық әскери базаның елде қалуына қарсы емес деді.
XS
SM
MD
LG