Accessibility links

Македонияның жергілікті сайлаулары жайлы хабарларға орай НАТО қынжылыс білдіріп отыр


НАТО өкілі Джеймс Аппасурей Брюссельде сөйлеген сөзінде, өз ұйымының Македониядағы сайлауларға байланысты Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының бастапқы бағаларымен танысқанын хабарлады. Демократиялық қалыптарға қарай Македонияның неғұрлым белсенді қадам жасауын НАТО-ның көргісі келетіндгін ол айтты. Жексенбі күнгі сайлаулар барысында қосып есептеулер мен сайлаушыларды қорқытып-үркітулердің орын алғандығы қынжылыс тудыруда. Бұл ел НАТО құрамына 2006-шы жылы мүше болуға үміттеніп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG