Accessibility links

Қырғыздың белгілі оппозиция жетекшісі Феликс Кулов бүгін Қырғызстан заңдарын қадағалау агенттігі басшылығынан кетті


Елбасы Асқар Ақаев қызметінен кетірілгеннен кейін елде бей-берекеттіктердің орын алуына жол бермес үшін Кулов мырза Қырғыз қауіпсіздік істерін бақылауға тағайындалған болатын. Бішкектегі баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Кулов мырза бұл қадамының себебін былайша түсіндірді:

- Тәртіпті біз бір жарым күн ішінде орнаттық. Бір оқ атқан жоқпыз. Ешкімді өлтірген жоқпыз. Біз заңды бұзған жоқпыз.

Елдің заң күштері мен қауіпсіздік агеттіктері өздерінің қалыпты жұмыстарына кірісіп кеткендігін айта келіп, осы ойларын ол кейінірек Парламент алдында тағы да қайталаған болатын. Парламент оның өтінішін қанағаттандырды.
XS
SM
MD
LG