Accessibility links

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы Ақаев қызметінен кету керек деді


Бүгін Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Дмитрий Рупель елден қашып кеткен президент Асқар Ақаев қызметінен ресми түрде кету керек деп пікір білдірді. Бірақ, Ақаевқа Қырғызстанның саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беру керек деді Рупель мырза. Бұл мәлімдемені Рупель Қырғызстанның жаңа үкімет мүшелерімен Бішкекте өткен кездесуінен кейін жасады.

Рупельмен кездесу барысында, Қырғызстанның уақытша президенті және бас министрі Құрманбек Бакиев елде демократиялық реформаларды одан әрі жалғастырамын деп уәде берді. Сондай-ақ, Қырғызстандағы тұрақтылықты сақтауға жәрдем беру үшін, бүгін Украина және Грузия сыртқы істер министрлері де Бішкекке ұшып келді.

Өткен аптада ереуілшілер үкімет ғимаратын басып алғанда, президент Ақаев елден қашып кеткен болатын. Қазіргі кезде ол Ресейде тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG