Accessibility links

Астанада ВИЧ жұқтырғандардың көбі жастар

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қарағанды қаласындағы СПИД орталығының лабораториясы халықарлық стандартқа сәйкестігі жөніндегі сертификатқа ие болды. Бұл құжатты бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан СДС – ауруларды бақылау жөніндегі орталығының Алматы қаласындағы филиалы беріп отыр.

Астана қаласындағы жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісінің, яғни СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының лаборатоиясы да халықаралық стандартқа сәйкес деген сертификатқа ие. Ал, осы орталықтың бас дәрігері Александр Лебедевтің айтуынша, Астана қаласында қазіргі уақытта ВИЧ инфекциясын жұқтырған 53 адам бар екен. Алайда, аталған ауруға душар болғандар саны көбеюде деген де пікірлер жоқ емес.

- Біздің лабораторияда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар Америкалық СДС - ауруларды бақылау жөніндегі орталығы базасынан және оның Алматыдағы филиалынан бірнеше рет тәжірибеден өткен. Сондықтан да біз СДС-дің республикалық орталығынан текан аппаратурасы жабдығын алдық. Ол өте сезімтал аспап, - дейді Қарағанды қаласындағы СПИД орталығының бас дәрігері Николай Кузнецов.

Н.Кузнецовтың айтуынша, 1997 жылы облыс бойынша ВИЧ-инфекциясын жұқтырудың 199 оқиғасы болған, одан кейін жағдай тұрақтанған. Бұл инфекциядан адамдардың қайтыс болып жатқаны рас. Сондай-ақ, кейбірлеулер қайтадан жұқтырады дейді. Оның айтуынша, 1990 жылдан бері облыс бойынша 1462 оқиға тіркелген екен.

Бастапқыда аталған ауруға шалдығатындар негізінен есірткіні ине ақылы пайдаланатын нашақорлар арасында басым болса, соңғы кездері оны жыныс жолдары арқылы жұқтыру жиі кездесетіні мамандарды алаңдатып отыр. Бұл жақсы белгі емес дейді Н.Кузнецов. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша ВИЧ инфекциясын жұқтырған 1462 адамның 1186-сы, яғни, аурудың 80 пайызы Теміртау қаласының үлесіне тиеді екен.

Ал, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Астана қаласындағы орталықтың бас дәрігері Александр Лебедевтің айтуынша, мұнда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандарды тіркеу жұмысы 1997 жылы басталған. Осы уақыттан бергі кезеңде Астана қаласында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 53 адам тіркеліпті.

- Республика бойынша ВИЧ инфекциясы бақыланып отырған 16 субьектінің ішінде Астана қаласы 14-ші орында, - дейді бас дәрігер Александр Лебедев.

Астанада 2002-2004 жылдары аталған ауруды жұқтырғандар санының өсуі байқалған. 2002 жылы мұндай 9, ал, 2003 жылы 10, 2004 жылы 13 оқиға тіркеліпті. Олардың ішінде әйелдердің үлесі 21 пайызды құраған.

- Ал, жас жағынан алғанда 20 мен 29 жас аралығындағылар 56 пайызды құрайды, - дейді А.Лебедев.

Парламент Сенатының депутаты, мамандығы дәрігер Бексұлтан Тұтқышев елде аталған ауру түріне шалдыққандар саны біртіндеп көбейіп бара жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG