Accessibility links

АҚШ комиссиясы Ирақ соғысына жол ашқан барлау мекемелерін сөкті


АҚШ президенті жанында құрылған арнайы комиссия 2003 жылы наурызда Ирақ соғысына жетектеген АҚШ барлау мекемелерінің мәліметтері қате шықты деп тапты. Ирақта жойқын қару қоры бар деген мәліметтер әу бастан қате болды, ядролық бағдарлама жайында АҚШ барлау мекемелері тым аз білген деп айтылды.

Осыдан бір жыл бұрын құрылған комиссия мұндай қателердің алдын алу мақсатында АҚШ барлау мекемелерінің жұмысын қайта қарауды ұсынды. Комиссия АҚШ әкімшілігі не қорғаныс министрлігі Ирақ мәліметтерін асыра сілтеңдер деп ешқандай саяси қысым жасамаған деп тапты.
XS
SM
MD
LG