Accessibility links

Иранда қаза болған журналист жайында тың дерек ашылды


Иран әскерінің бұрынғы дәрігері Шахрам Азам осыдан екі жыл бұрын Иран түрмесінде қайтыс болған канадалық журналист Захра Каземи алдымен қатты зақым алған деп мәлімдеді. Жақында Канадада саяси баспана алған Шахрам Азам 2003 жылы 26 маусымда Захра Каземиді ауруханада тексеріп, оның өне-бойында жарақат таптым, бұл азаптау мен зорлаудың салдары болуы мүмкін деп айтты.

54-жастағы Захра Каземи оның алдында бірнеше күн бұрын Тегеран түрмесінің маңында студенттер бастаған саяси демонстрацияны фотоға түсіріп жүргенде тұтқындалған еді. Иран ресми өкілдері Захра Каземидің ажалы апаттан болды дейді. Журналисті өлтірді деп күдіктелген барлау офицері былтыр ақталған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG