Accessibility links

15 жыл бойы ес-түссіз жатқан әйел қайтыс болды


Америка Құрама Штатында 15 жыл бойы ес-түссіз жатқан Терри Шайво деген әйел кеше дүниеден өтті. Оны тамақтандыру сот шешімі бойынша 13 күн бұрын тоқтатылған болатын.

Терри Шайвоның жүрегі ұстап қалған соң, миына қатты зақым келіп, ол 15 жыл бойы тіл-ауыздан, өздігінен тамақ ішуден қалып, ессіз қалпы төсек тартып жатты. Терри Шайвоның күйеуі «бүйтіп жатқанша, әйелім қиналмай бақилық болсын» деп, оны қолдан қоректендіруді тоқтатуға рұқсат беріңіздер деп бірнеше жыл бойы сотқа жүгінумен келді. Терри Шайвоның әке-шешесі бұған қарсы шығып, өз тараптарынан да талай мәрте сотқа арызданды. Президент Джордж Буш көңіл айту сөзінде американдықтарды «өмір сүру мәдениетін» одан ары қалыптастыра беруге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG