Accessibility links

АҚШ үкіметі Беларус басшыларының есеп-шоттарын зерттеп жатыр


АҚШ-тың Беларустағы елшісі Джордж Крол Беларус президенті Александр Лукашенконың есеп-шоттары жайында мәліметтерді жинап жатырмыз деп мәлімдеді. "Азаттық" радиосына сұхбат берген АҚШ елшісі:

- Беларустың басқа да кейбір басшылары жайында мәлімет жиналып жатыр, бұған "Беларустағы Демократиялық жағдай" заңы мүмкіншілік берді, - деп айтты.

Бұл заң АҚШ-та қазан айында қабылданған. Лукашенко бастаған Беларустың бірнеше басшысы қазірдің өзінде Америка Құрама Штатына және Еуропа Одағының елдеріне барудан шеттетілген.
XS
SM
MD
LG