Accessibility links

Ресей бас прокурорының орынбасары Николай Шепель: «Аслан Масхадов өз адамдарының оғынан өлген»


Н.Шепельдің айтуынша, А.Масхадов пен оның адамдары арасында келісім болған, ол келісімде, егер Масхадовты Ресейдің қауіпсіздік күштері ұстайтын болса, өз адамдары оны атулары керек делінген.

- Масхадовты бункер ішінде болған өз адамдары атып өлтірді. А.Масхадов тірідей ешқашан берілмейтіні туралы айтқан, - дейді Н.Шепель.

Аслан Масхадов 1994-96 жылдары тәуелсіздік үшін соғыс кезінде Ресей күштеріне қарсы күрескен шешен жікшілдеріне жетекшілік еткен. Алғашқы соғыс аяқталып, Ресей күштері кері қайтқанда А.Масхадов Шешенстанның президенті болып сайланған болатын. Ол биыл наурыздың 8-і күні Ресей күштері өткізген арнайы операция кезінде опат болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG