Accessibility links

Президент Буш Ливандағы парламент сайлауының мерзімін ысырмауға шақырды


Сирияның қолдауындағы Ливан басшылығына АҚШ елбасы Буш алдағы айға белгіленген парламент сайлауын өткізу мерзімін одан әрі жылжытпау жөнінде ескертті. Осыдан бір күн бұрын Сирия басшылығы Ливандағы 14 мыңдық өз әскери күшін көкек айының 30-на дейін елден шығаруға уәде берген болатын. Ливандағы әскерін толық түрде шығару жөніндегі Сирияның қадамын Буш мырза бағалайтынын айтты. Бұдан 29 жыл бұрын өз әскерін Ливанға енгізген Сирия, әлем қауымдастығы, соның ішінде БҰҰ және АҚШ-тың қысымымен, енді ол елден әкетуге мәжбүр болып отыр.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG