Accessibility links

Бүгін Қырғыз парламенті Асқар Ақаевтың қызметен кететін жөнінде сөзі жазылған бейнежазбаны көріп-тыңдайды


Қырғыз елбасы Асқар Ақаев өз қызметінен кететіні жөніндегі келісімге Мәскеуде қол қойды. Бұл шешім бүгін, сейсенбі күні күшіне енді. Мәскеуге келген Қырғызстан Парламенті делегациясының мүшесі Ташқұл Керексізовтің айтуынша, Мәскеудегі Қырғыз елшілігінде қол қойылған бұл келісім ең әуелі қырғыз халқына және мемлекеттің заңды түрде одан әрі іс жүргізуі үшін керек, сондай-ақ, қазір қызмет атқарып жатқан жаңа өкімет жұмысын заңдастыру үшін де аса маңызды болмақ.

Қол қою рәсімінде Ақаев мырзаның 18 минуттық сөзі жазылып алынды. Ол Қырғыз Парламентінің сейсенбілік отырысында тыңдалып, содан кейін ел теледидары арқылы берілетін болады. Енді Парламент жаңа президент сайлауының мерзімін белгілей алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG