Accessibility links

Бүгін Балқан елдері министрлері бас қосуға жиналды


Бұл жиынға Македония, Хорватия, Сербия-Черногорье, Босния және Албания сияқты Балқан елдерінің сыртқы және ішкі істер министрлері келді. Жағалаудағы Дурес қаласында болатын бұл басқосу аймақтағы әріптестік жайына арналып отыр. Сонымен бірге жиын кезінде Еуропа одағы және НАТО ұйымымен тығыз байланыс орнату барысы да талқыланатын болады. Германия сыртқы істер министрі Йошка Фишер бұл елдерге қолдау көрсету мақсатында аталған жиынға қатыспақшы. Сондай-ақ, сейсенбі күні Балқан елдері ішкі істер министрлері көші-қон және баспана беру сауалдарын Тиранадағы кездесуде талқылайды.
XS
SM
MD
LG