Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Украина елбасы Виктор Юшенкомен кездесті


АҚШ президенті Джордж Буш пен Украина елбасы Виктор Юшенко Ақ үйде кездесті. Кездесуде Буш мырза Юшенкоға Америкада Украинаның мықты досы бар дегенді айтты. Ирақ мәселесіне тоқтала келіп, Украина елбасы Ирақтағы 1650-дей украин әскерін осы жылдың соңына қарай ол елден шығарылатынын хабарлады. Президент Буш Украина күштерінің Ирақта атқарған қызметіне қанағат сезімін білдірді. Сондай-ақ, Джордж Буш осы жылдың соңына қарай Украинаның Әлемдік сауда ұйымына қабылдануына қолдау көрсетуге уәде берді. Алайда, Украинаның НАТО құрамына шақырылмайтынын да айта кетті. Қос басшы біріккен мәлімдемеде екі ел арасында әріптестіктің жаңа дәуірі басталғанын атап өтті.
XS
SM
MD
LG