Accessibility links

Қазақстан спортшылары Ислам ынтымақтастығының бірінші спорттық ойындарына қатысады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Көкектің 8-і мен 20-сы аралығында Сауд Арабиясы корольдігінің төрт қаласында өтетін спорт ойындарына Қазақстаннан 70-ке жуық спортшы жастар қатысуға аттанып кетті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Мұхтар Кәрібайдың айтуынша, Сауд Арабиясы корольдігінің Жидда қаласында өткен Ислам конференциясы Ұйымына мүше елдердің жастар және спорт істері жөніндегі министрлерінің бірінші кеңесіне Қазақстан тарапынан Спорт істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бақытбек Тәжібай бастаған делегация қатысқан.

Конференцияда негізінен жастар істері және спорт мәселелері қаралды. Осы конференцияға қатысушылар осы айдың 8-20-сы аралығында Ислам ынтымақтастығының бірінші спорт ойындарын өткізбекші дейді.

Ал, Спорт істері жөніндегі комитеттің баспасөз хатшысы Дияс Абдуллановтың айтуынша, Ислам ынтымақтастығының бірінші спорттық ойындарына қатысуға 70-ке тарта спортшы жас қатысуға аттанып кеткен. Аталған сайыс спорттың 14 түрінен өтпекші. Ал сайысқа қатысушылар 18 бен 25 аралығындағы жастар. Бұл жарысқа қатысуға жіберілгендерді жаттықтырушылар кеңесі іріктеген екен.

- Аталған спорт сайысының нәтижесін тек оның қортындысы шыққаннан кейін пайымдауға болады, - дейді Дияс Абдулланов.

Ал, Астанадағы дарынды балаларға арналған спорт мектебі директорының орынбасары Жұмажан Шалабайұлы мұндай спорт сайыстары қажет деген пікір айтады.

- Жоғарыда аталған спорт сайысына қатысуға жол шығындарын Спорт істері жөніндегі комитет көтеріп отыр. Ал, басқа шығындарды шақырушы тарап өз мойнына алған, - деді Спорт істері жөніндегі комитеттің өкілі Д.Абдулланов.
XS
SM
MD
LG