Accessibility links

Ақаев Қырғыз халқын демократиялық реформаларды одан әрі жалғастыруға шақырды


ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, биліктен кетірілген қырғыз президенті Асқар Ақаев маусымда елде өтетін президент сайлауын бейбіт, ашық және әділ түрде өткізуге шақырды. Ақаев өзі және оның отбасы мүшелері ол сайлауға тек қана сайлаушы ретінде қатысатынын айтты.

Қырғыз парламенті Ақаевтың қызметтен кету туралы сөзі жазылған бейнежазбаны сәрсенбі күні тыңдап, ресми түрде мақұлдамақшы.

Бүгін Бағдадта қарулы адамдар Ирақ әскерінің бригадалық генералын ұрлап әкетті
XS
SM
MD
LG