Accessibility links

Варшавада Папа Йоанн Павел ІІ-шімен қоштасу рәсімі өтті


Варшавада Папа Йоанн Павел ІІ-шімен қоштасу рәсімі өтті. Ұлттық батырымен қоштасу деп аталған, ашық аспан аясында болған бұл жиынға 150 мыңнан астам адам қатысты. Ел астанасының Пилсудский атты алаңында 1979 жылы папа өзінің атақты жиынын өткізген болатын. Ол жиыннан қуат алған Польшадағы коммунистік жүйеге қарсы күштер келер жылы «Солидарность» деп аталатын әйгілі қозғалыс түзген еді. Ол қозғалыс күшейе келе, 1989 жылы елде социализмнің құлауына еңбек сіңірді. Папамен қоштасу осы алаңда өтті.

Ал, Ватиканның есебі бойынша, жұма күні болатын жерлеу рәсіміне 2 миллионнан аса адам қатысуы мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG