Accessibility links

Ирақ елбасын таңдауда саяси фракциялар ортақ келісімге қол жеткізді


Ирақ елбасын таңдауда саяси фракциялар ортақ келісімге қол жеткізді. Ирақтағы іргелі саяси блок басшыларының айтуынша, Күрд саяси өкілі Жалал Талабани 275 мүшесі бар Парламенттің сәрсенбі күнгі отырысында елбасы ретінде аталуы мүмкін. Оның орынбасарлары болып шиит өкілі Адел Абдул Махди және сүннит өкілі, бұдан бұрын елбасы болған Ғази Явар белгіленбекші.

Сондай-ақ, бейсенбілік отырысында Парламент үкімет басшысын анықтамақшы. Ал үкімет басшысы өз кезегінде үкімет құрамын жасақтайтын болады. Шиит және күрд өкілдері шиит көсемдерінің бірі Ибрагим Жафаридің үкімет басшысы болуына келісті. Өзінен бұрынғы үкімет басшысы, шиит өкілі Лиад Аллауйден бұл қызметті осылайша қабыл алмақшы. Парламент сайлауы барысында шииттер көп дауыс жинап бірінші орынды, ал күрдтер екінші орынды иеленген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG