Accessibility links

Украина президенті В.Ющенко АҚШ-тың жақын одақтасы ретінде Конгресте сөз сөйлейді


ВАШИНГТОН. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко АҚШ Конгресінің екі палатасында да сөз сөйлейді. Саяси сарапшылардың атап көрсетуінше, мұндай мүмкіндік, әдетте, АҚШ-тың ең жақын одақтастарына ғана берілетін көрінеді. Кеше Бостон қаласында В.Ющенко Джон Кеннеди атындағы мәртебелі “Ерлігі үшін” белгісімен марапатталды. Дүйсенбі күні украин лидері Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Бушпен келіссөз өткізді.
XS
SM
MD
LG