Accessibility links

Ирақтың жаңа президенті мен 2 вице-президенті бейсенбіде ант береді


БАҒДАД. Бүгін Ирақ парламенті күрд лидері Джалал Талабаниді президент етіп сайлады. Ал шийт мұсылмандарының өкілі Әдил Абдул Маһди мен сүннилердің өкілі Гази Әл-Яуарды оның екі өкілі - вице-президент етіп бекітті. Парламент спикерінің өкілі Әш-Шаһристанидің хабарлауынша, осы 3 лидер бейсенбіде ант беруге тиіс. Бүгін парламентте сөйлеген сөзінде жаңа президент Джалал Талабани:

- Біз ұлты мен нәсіліне, діні мен діліне қарамай, бүкіл Ирақ халқын біріктіріп, бүкіл халыққа бірдей теңдік пен міндет орнатуға барлық күш-жігерімізді саламыз. Осы жолды қолдағандар жасасын! -деп мәлімдеді.

Ирақ лидерлері бейсенбі күні шийт саясаткері Ибраһим Әл-Джаафари премьер-министрлікке ұсынылады деп тосып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG