Accessibility links

Марқұм Рим Папасы ІІ-ші Иоанн Павелдің аманат-хаты бейсенбі күні жарияланады


РИМ. Ватиканның ресми өкілі Хоакин Наварро-Волстың бүгін баспасөз-мәслихатында хабарлағанындай, Римдегі католик шіркеуінің жаңа Папасын сайлау үшін кардиналдардың жабық отырысына көкектің 18-інде жиналады. Оның айтуынша, кардиналдар, сондай-ақ, марқұм Рим Папасы ІІ-нші Иоанн Павелдің поляк тілінде жазып қалдырған 15 парақтан тұратын аманат-хатын оқып, бейсенбі күні жарияламақшы. Бүгін Ватиканда көкектің 2-күні дүние салған Рим Папасы ІІ-нші Иоанн Павелмен қоштасу рәсімі жалғасып жатыр. Марқұмның сүйегі жұма күні осындағы Әулие Петр шіркеуіне жерленбекші. Жерлеу рәсіміне АҚШ президенті Дж.Буш пен БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанды қоса 200-ге жуық елдің жетекшілері қатысады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG