Accessibility links

Қырғызстанның Жоғарғы соты оппозиция лидері Ф.Куловқа тағылған 2 айыптың бірін жойды, екінші айыптың заңдылығын бейсенбі күні қарамақшы


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Жоғарғы Соты 2001 жылы сотталған оппозиция жетекшілерінің бірі Феликс Куловқа тағылған 2 айыптың бірін жойды. Осылайша, кезінде Ф.Куловқа Қырғызстанның қауіпсіздік қызметінің басшысы ретінде қызмет бабын асыра пайдаланды деп тағылған айып күшін жойды. Жоғарғы Сот енді Ф.Куловтың Бішкек қаласының әкімі болған кезінде қаржыны талан-таражға салды деген айыпты қайта қарау туралы өтініші бойынша бейсенбі күні тағы да мәжіліске жиналады. “Ар-намыс” партиясының лидері Ф.Кулов Жоғарғы соттың бұл шешімін “әділ” деп бағалап, өз қуанышын жасырмады. Қырғыз оппозициясының лидері осы уақытқа дейін билік өзін саяси пиғылда соттады деп мәлімдеп келді. Ф.Кулов президент А.Ақаевты елден кетірген наразылық толқыны кезінде түрмеден босатылды. Ол егер сот өзін толық ақтаған жағдайда, үміткер ретінде биылғы маусымның 26-сына тағайындалған президент сайлауына түсетінін мәлімдеп үлгерді.
XS
SM
MD
LG