Accessibility links

Ирақ Парламенті сәрсенбі күні күрд өкілі Жалал Талабаниді Ирақ елбасы ретінде таңдады.


275 мүшесі бар Ирақ Парламенті оны елбасы ретінде сайлауы елдегі күрд азшылығы үшін үлкен жеңіс болып отыр. Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде Талабани мырза Ирақ халқының бірігуі жолында қызмет ететінін айтты.

Коалициялық үкімет құрамын белгілеуге кеткен 9 апталық саяси дағдарысқа Талабанидің елбасы ретінде сайлануы нүкте қойды. Бұл жаңалық шетелдер тарапынан қолдау тауып жатыр. АҚШ елбасы Джордж Буш ирақтықтарды осындай тарихи күнімен құттықтады. Сондай-ақ, шийт өкілі Ибрагим әл-Жафари бүгін үкімет басшысы ретінде анықталмақшы.
XS
SM
MD
LG