Accessibility links

Папа Йоанн Павел ІІ-шімен соңғы рет қоштасып қалғысы келетін адам саны күрт көбейіп кетті


Осы себепті сәрсенбіден бейсенбіге қараған түннен бастап, марқұм папамен қоштасуға келгендер әулие Петр храмына жіберілмейтін болды. Қазірдің өзінде 1 миллион 200 мың адам кезекте тұр. Олар мәйіт қасына жеткенге дейін кезекте 12, 14 сағаттап тұруға мәжбүр. Жұма күнге белгіленген жерлеу рәсімі кезінде көпшілік кеңселер жабылып, жеке көліктердің жүруіне тиым салынатын болады. АҚШ елбасы Джордж Буш зайыбымен және АҚШ-тың бұрынғы елбасылары үлкен Буш пен Билл Клинтон Ватиканда папаның рухына бас иіді. Жаңа папаны сайлауға байланысты кардиналдар өз кеңестерін көкектің 18-інде бастамақ.
XS
SM
MD
LG