Accessibility links

Рим Папасымен қоштасушылардың саны сирер емес


Католиктер мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған адам өткен сенбіде қайтыс болған Иоанн Павел екіншімен қоштасып қалуға Ватиканға ағылуда. Рим Папасын жерлеу рәсімі жұмаға белгіленген. Марқұммен қоштасуға келушілердің көптігі сондай, Рим мен Ватиканның қаланы қорғау үшін барлық қауіпсіздік күштерін дайындық сапына қоюына тура келді.

Рим Папасының жерлеуіне қатысатын ұлттық жетекшілер арасында Иран президенті Мохаммед Хатами мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция басшылары және Испания патшасы мен патшайымы бар. Бүгін АҚШ президенті Дж. Буш Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконимен кездеседі.
XS
SM
MD
LG