Accessibility links

Қырғыз Парламенті бүгін Ақаевтің қызметінен кету жөніндегі арызын қайта қарамақшы


Төраға Өмірбек Текебаевтің айтуынша, Асқар Ақаев пен оның отбасына берілетін арнайы қауіпсіздік және басқа да жеңілдіктерді шектеу мақсатында арнайы заңға түзетулер енгізілмекші. Содан кейін ғана елбасының арызы қанағаттандырылып, оған жалғас түрде келесі президент сайлауының нақты мерзімі белгіленетін болады. Депутаттар көріп-тыңдаған Ақаевтің сөзі жазылған бейнетаспада ол өзі билікте болған 15 жыл ішіндегі табыстарын біраз айтқан екен.
XS
SM
MD
LG