Accessibility links

Ирактың жаңа үкіметі екі аптада жасақталады


БАҒДАД. Ирактың жаңа министрлер кабинеті екі аптада жасақталады деп уәде етті шииттік “Дауа” партиясының лидері әрі парламент премьер-министр етіп бекіткен Ибрахим Джаафари. Ирактың жаңа сайланған президенті – курд Джалал Талабани – кешегі қызметке келу рәсімінде қаңтар айында өткен парламенттік сайлауға бойкот жариялаған суниттерді жаңа Ирактың құрылысына белсене ат салысуға шақырды. Вице-президент Гази әл-Явр – суннит қауымының Ирак билігіндегі жалғыз өкілі. Келесі вице-президент Әдел Абдул Махди – шиит.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG