Accessibility links

Папаның жаназасында кездескен Сирия мен Израиль басшыларының қол алысуына Сирия онша үлкен мән бермейді


Жұма күні папа Иоанн Павел ІІ-інің жаназасы кезінде кездесіп қалған Сирия президенті Башир ал-Ассад пен Израиль президенті Моше Катсавтың өзара қол алысуына Сирия онша үлкен мән бермейді. Бір-бірімен дүрдараз Сирия мен Израиль елдері арасындағы бейбітшілік келіссөздері соңғы рет 2000 жылы өткен еді. Иранда туған Израиль президенті Моше Катсав марқұм понтификті жерлеу кезінде Иран президенті Хатамимен қысқа да болса парсы тілінде сөз алмасқан. Әйтсе де, Иранның Израильмен жұлдызы қарсы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG