Accessibility links

Британияның тақ мұрагері үйленді


Бүгін Британияның Виндзор шағын қалашығында Британ тағының мұрагері, 56 жастағы ханзада Чарльз бен 57 жасар Камилла Паркер Баулсдың шіркеуде некелесіп, ресми үйлену сәтін жанкүйерлер таңетеңнен бері күткен болатын. Олардың көз алдында салтанатты жағдайда қалыңдық пен күйеу жігіт шіркеуге келіп кірді.

Тақ мұрагерінің үйлену салтанатына Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр мен Сауд Арабиясындағы және Европадағы бірқатар патша әулеттерінің өкілдері қатысқан. Чарльздің анасы - патшайым Елизавета ұлының үйлену салтанатына қатыспаған, бірақ түстен кейінгі діни және басқа да кешкі мерекелік шараларға қатысты.

Камилланың енді патшалық әулеттегі атағы Герцогиния Корноулл, егер ханзада Чарльз таққа отырар болса, Камилла заңдық негізде ханшайым атанады, бірақ, патшалық хаттама талаптарын құрметтей келе, оның ресми атағы - ханзаданың-жұбайы деген мәртебе болады деп шешкен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG