Accessibility links

Бүгін Қытай премьер-министрі Уен Жиабао Үндістанға төрт күндік сапарын бастады


Онда ұзақ уақыттан бергі шекара және сауда ынтымақтастығы мәселелері талқыланатын болады. Уен Нью-Делиде Үндістанның билік басыларымен кездесуден бұрын, алдымен Үндістанның жоғары технологиялар орталығы Бангалорда болады. Дүйсенбі күні Қытай бас министрі үндістандық әріптесі Манмохан Сингхпен кездесіп әңгімелеседі. Қытай премьер-министрі Уен Жиабао Оңтүстік Азия елдері сапарында Үндістанға дейін Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш елдерінде болды.
XS
SM
MD
LG