Accessibility links

Израил жексенбіге белгіленген жиынды өткізбеудің шараларын қарастыруда


Израилдың ішкі қауіпсіздік министрі үкімет Иерусалимнің еврейлер үшін де, мұсылмандар үшін де қасиетті аймағында еврей әсіреұлтшылдарының жиын өткіземіз деген жоспарын жүзеге асыртпау мақсатындағы шараларды қарастырып жатыр деп айтқан. Ол қоғамдық радиодан сөйлеген сөзінде жексенбі күнге жоспарланған жиынға тосқауыл қойылады деді.

Иерусалимнің ескі қаласындағы аймақты еврейлер Храм бекінісі ретінде қасиет тұтса, мұсылмандар бұл жерді қасиетті орын деп қадірлейді. Израил әсіреұлтшылдары осы жазда Израилдың Газа секторынан шығу жоспарына қарсы наразылықпен жиналыс өткіземіз деген. Палестиннің жаугерлік топтары егер мұндай жиналыс өтетін болса, Израилға қарсы шабуылдарды жаңартамыз деп ескерткен-ді.

Бүгін Израилдың жоғары лауазымды бір өкілі алдағы аптада АҚШ президенті Дж. Буш пен Израил премьері Ариел Шаронның Вашингтондағы кездесуінде Израил қонысы келісімдері басты мәселе ретінде талқыланбайды деп айтқан.
XS
SM
MD
LG