Accessibility links

Бейжіңде мыңдаған адам Жапонияға наразылық акциясын өткізген


Бүгін Қытай астанасында бірнеше мың шеруші Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қатыгездік пен зұлымдықты мойындаудан бас тартқаны үшін Жапонияны айыптап, Бейжің көшесіне шықты. Наразылық білдірушілер Қытай туларын желбіретіп, Жапонияға қарсы ұрандар айтып, Жапон фирмалары мен тауарларына бойкот жариялауға шақырды. Хабарларға қарағанда, шерушілердің бірнеше жүзі полиция шебін бұзып өтіп, Жапония елшілігі тұрған жерге дейін келіп, елшілік ғимаратына тас, таяқ, шөлмектер лақтырған.

Бұл қарсылықтар жақында Жапонияның мектепке арналған тарих оқулықтарына өзгерту енгізу жөніндегі шешімінен кейін өрістеп кетті, сыншылар бұл әрекет Жапонияның соғыс деректерін жасырып-жабу пиғылынан туындап отыр деген болатын. Негізінен, Қытай астанасында шерулер, митингілер өткізуге тиым салынған. Мемлекеттік Синьхуа агенттігінің де бүгінгі шеру жөнінде және оған шыққандардың саны 10 мыңдай болды деген хабар таратуы да өте сирек кездесетін жағдай.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG