Accessibility links

Бүгін Бағдадта шииттердің көтерілісші көсемі Мұхтада әс-Садрдың мыңдаған жақтастары шеруге шықты


Шерушілер Садр қалашығының кедейлер көшесіндегі алаңынан осыдан екі жыл бұрын АҚШ солдаттары Саддамның ескерткішін құлатқан Бағдадтың орталығына қарай жүріп өткен. Шииттердің Басра, Амара, Назирия қалаларынан да әс-Садрдың қолдаушылары жүздеген шақырым жер жүріп келіп шерушілерге қосылған. Мехди армиясы деп аталатын милицияға жетекшілік еткен Мұхтада әс-Садр өткен жылы АҚШ күштеріне қарсы екі көтеріліс-қақтығысты бастаған болатын.

Ирақ қауіпсіздік күштері Бағдадтың орталығын жапқан, İшкі İстер министрлгінің өкілі Саба Кадимнің айтуынша, мұнда қандай да бір проблемалар орын ала қоймаған.
XS
SM
MD
LG