Accessibility links

Бакиев: “Ақаевтың дүние-мүлкін тексеретін парламенттік комиссия құрылды”


Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев, елдің парламенті биліктен кетірілген президент Асқар Ақаевтың қызметтен кетуін осы аптаның соңына дейін мақұлдамайтын шығар деген ойын айтты. Ресей теледидарына берген сұхбатында, Бакиев Ақаевтың және оның отбасы мүшелерінің дүние-мүліктерін тексеру үшін парламенттік комиссия құрылды деді.

Асқар Ақаев Бішкекте наурыздың 24-і күні ереуілшілер үкімет ғимаратын басып алғанда, Ресейге қашып кеткен болатын. Ақаев қызметінен кетуі туралы құжатқа Мәскеуде қол қойды, бірақ оны депутаттар әлі ресми түрде мақұлдаған жоқ. Бүгін Қырғызстанның сыртқы істер министрі Роза Отынбаева Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG