Accessibility links

Тәжік прокуратурасы оппозиция лидеріне қарсы қылмыстық ісін доғарған жоқ.


ДУШАНБЕ: Тәжікстанның Бас прокуратурасы президент сайлауына үміткер болып түсетінін мәлімдеген тәжік оппозициясының лидері Махмадрузи Искандаровты тұтқындау туралы қайта шешім қабылдады. Ол жайында бүгін Душанбеде Бас прокурордың өзі хабарлады. Оның мәлімдеуінше, тәжік прокуратурасы аса қауіпті қылмыскер есебінде Искандаровқа қарсы қылмыстық істі тергеуін тоқтатпаған және оны қамаудан босатып жіберген Ресей үкіметіне наразылық білдіреді. Прокурордың мәлімдеуінше, ерте ме, кеш пе, ол сотқа тартылады. М.Искандаров тәжік үкіметінің сұрауы бойынша өткен жылы Мәскеуде ұсталып, өткен аптада Мәскеу оны Душанбеге беруден бас тартып, оған тағылған айыптар негізсіз деп босатып жіберді.
XS
SM
MD
LG