Accessibility links

Инженер мамандарын Оралда дайындайтын болады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде алдағы оқу жылынан бастап машина жасау факультеті ашылады.

Ондағы мақсат - мұнай мен газ саласы өндірісіне машиналар және Орал қаласындағы зауыттарға қажетті станоктарды жасауға мамандарды дайындау. Аталған университеттің ректоры Қазыбай Бозымов жаңадан ашылатын факлуьтеттің бағыт-бағдары жайында осылай дейді.

Оның айтуына қарағанда, батыс Қазақстан өңірінің жастары соңғы үш-төрт жылдың ішінде заңгерлік, экономистік мамандықтарына қарағанда техникалық мамандықтардың иесі болуға үлкен ықылас танытып отыр. Ал, жаңадан ашылатын машина жасау факультетіне түсушілер екінші курстан бастап оқуды ағылшын тілінде оқитын болады дейді Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Қазыбай Бозымов. Ол университетте оқытылатын 31 мамандықтың 14-і инженeрлік-техникалық мамандығы екенін, енді солардың барлығын ұштастырып жаңадан машина жасау факультеті ашылатынын айтты.

Қазыбай Бозымовтың айтуынша, машина жасау факультеті батыс Қазақстан өңіріндегі жоғары оқу орындарында бірінші рет ашылмақ. Мұнда оқуға түсушілер екінші курстан бастап сабақты ағылшын тілінде оқиды. Ал, Аграрлық–техникалық университет жанындағы мұнай-газ салалық технологиялар институтының директры Анатолий Тюрин бұл оқу орынын бітірген түлектер жұмыс істейтін техникалық жабдықтардың алыс-шет елдерден келетіндігінен және олардың құжаттарының ағылшын тілінде болуымен байланысты дейді.

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Қазыбай Бозымовтың айтуына қарағанда, кейінгі жылдары жастар техникалық мамандықтарға мейлінше көп бетбұрыс жасауда. Ал, аталған университеттің оқу істері жөніндегі проректоры Өтеген Тауылбаев техникалық мамандықтарға түсуге ауыл жастары ықыласты, дегенмен олар негізгі пәндерге маңыз беруі қажет дейді.

Аталған университетте оқитын студенттер болса машина жасау факультетінің ашылуын құптарлық іс деп біледі. Мұнай-газ факультетінің бірінші курс студенті Жанар Кереева осындай пікірде. Аталған факультеттің бірінші курс студенті Ерлан Тобышев елде шикізат қоры өте дамыған, бірақ, ол өмірлік емес. Сондықтан елде машина құрылсын дамыту керек дейді. Ал, Мұнай және газ факультетінің деканы Майдан Ыбыралиев ашылатын машина жасау факультетіне жаңа оқу корпусы ашылады деп отыр.
XS
SM
MD
LG