Accessibility links

Қырғыз халқына “наурыз революциясы” не берді?

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Асқар Ақаевты биліктен кетіруге күш салғандар бұрынғы президентті “төңірегі сыбайласқан жемқорлыққа белшесінен батқан және халық мұңына құлақ аспайды” деп айыптаған еді. Бірнеше апта бұрын “Наурыз революциясы” өткен елде демократиялық өзгерістер нышаны байқала ма?

Төңкеріске қатысқан халықтың талап деңгейінен шығу үшін жаңа өкімет құрамы мықтап мұмыс істеуі тиіс болып тұр. Бұған дейін қалыптасқан сыбайласқан жемқорлық, кедейлік, жұмыссыздық проблемалары ә дегеннен шешіле салмасы анық. Тіпті қазіргі жаңа Қырғыз өкіметі шағын өзгерістер жасауға да қауқарсыз болып отыр дейді Азаттық радиосының тілшісі Гүлноза Сайдазимова.

Демократиялық бағыттағы өкіметтік емес коалициялық ұйымның жетекшісі Еділ Байсалов Азаттық радиосы тілшісіне өз пікірін білдірген болатын.

- Жоғарғы сот және Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін ауыстыру жөніндегі біздің талабымыз орындалмай отыр. Құрманбек Бакиев қазіргі кезде қолдауды қарапайым халық тарапынан емес, Ақаев номенклатурасы арасынан іздеуде. Аймақтарда тәртіп жоқ, заңсыздық және анархия жайлаған. Қазіргі өкімет басындағылар не істерін, қайда барарын білмейтін соқыр марғау, яғни мысықтың баласын елестетеді, - дейді Байсалов.

Жалалабад облысындағы Базарқорған ауданының әкімдігіне бес адам таласуда. Олардың әрқайсысы Ақаевқа қарсы болғандарын алға тартып бағуда екен. Сондай-ақ Ош қаласындағы мемлекеттік университет басшысы соңғы бір ай ішінде төрт рет ауыстырылған.

Ақаев биліктен кетірілгенге дейін көптеген адамдар оппозиция басшылары өз маңайына халықты топтастыра алар, деп сенген болатын. Алайда, ол үміт ақталмады. Қазіргі аралық өкімет басшысы және президент Құрманбек Бакиев оңтүстіктегі көтерілістерге басшылық жасаған болатын. Оның президентлық сайлаулардағы басты қарсыласы - бұрынғы өкімет басшысының орынбасары және Ар-намыс партиясы басшысы Феликс Кулов.

Елдің солтүстігінің тумасы Феликс Кулов Ақаев орнынан қуылғаннан кейін заңдарды үйлестіру агенттігінің басшысы болды. Қазір ол өзіне тағылған айыптардан толық ақталған. “Transitions Online” атты интернет басылымына берген сұхбатында Кулов мырза президенттік сайлауларда кім жеңсе сол президент болып, ал екінші адам өкімет басшысы болуға Бакиевпен келіскендігін айтты.

Ақаевты тақтан тайдыру үдерісі барысында оңтүстік халқының әсіресе белсенді болғаны белгілі. Елге осындай түбірлі өзгерістер әкелуге көшбасшы болғандықтан олардың қазіргі биліктен күтері де көп болары түсінікті де. Алайда наурыздың 24-інен бері бірнеше апталар өткен кезде ел астанасы Бішкек тұрғындарынан гөрі оңтүстік халқының арасында сарыуайымшылдық пен көңілі толмаушылық сезім басымдау сияқты.

Ақпарат бұлақтарының еркіндігі Орта Азия елдері ішінде осы Қырғызстанда айрықша болғаны белгілі. КелКел атты жастар ұйымының басшысы Әлішер Мамасалиевтің пікірінше елде едәуір өзгерістер жүруде.

- Мемлекеттік бақылаудағы теле арна жеке теледидар ретінде реформаланған. Ақаевтің күйеу баласының иелігінде болған ОРТ-ның қырғыз бөлімшесі телеканалы да реформаланған. Радио бекеттер қазіргі жағдай жөнінде шындық хабарлар таратуда. Газеттер де. Интернет парақшалар жабылып тасталған жоқ. Бұл жерде ешқандай саяси цензура жоқ, - деді Мамасалиев.

Байсаловтың пікірінше, Украйнамен салыстырғанда мұнда өзгерістер тым жылдам болды. Ендеше өтпелі кезеңнің тым ұзаққа созылар түрі бар.
XS
SM
MD
LG