Accessibility links

А.Аллауи (Ирақ): “Әл-Қаида тобы Ирақтағы шийттер мен сүннилердің арасында азамат соғысын туғызуды көздеп отыр


БАҒДАД: Ирақ үкіметінің хабарлағанындай, жексенбі күні Ирақ күштері Маден қаласына шабуыл жасап, сүннилердің тұтқынында кепілдікте отырған 15 шийт отбасын босатты. Алайда Ирақ әскері оларды көрсетпей отыр. Кейінірек үкімет өкілдері мәлімдегендей, шийттерді кепілдікте ұстап отырған қарақшыларға қарсы ауқымды операция кейінге қалдырылыпты. Ирақ премьер-министрінің міндетін атқарушы Айад Аллауидің хабарлауынша, Әл-Қаида тобы адамдарды Ирақтағы шийттер мен сүннилердің арасында азамат соғысын туғызу пиғылымен кепілдікте ұстап отыр. Бірақ әзірше Ирақтағы ешбір топ кісі ұрлаушылықты өз жауапкерлігіне алмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG