Accessibility links

М.Талат (Түркиялық Кипр): “Кипр түріктері аралдың бірігуі мен тыныштық жолын таңдады”


НИКОСИЯ: Кеше Түріктердің Кипр республикасының президентін сайлауда қазіргі премьер-министр Мехмет Әли Талат 56 пайызға жуық дауыспен жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы жарияланған соң Талат: “Осы сәтте мен біздің аралымызда бейбітшілік орнату мен ортақ мәселемізді бірлесіп шешу үшін – аралды тағы да біріктіріп көру мақсатында Кипр гректері мен олардың лидерлеріне өз қолымды созамын”, -деп мәлімдеді. Түріктердің Кипр республикасын жарты ғасырдан ұзақ билеп-төстеп келген бұрынғы президент Р.Денкташ аралдың грек бөлігімен бірігуді онша қолдамай келді. Мехмет Талат Еуроодақ пен БҰҰ-ын Кипрді біріктіруге қолқабыс етуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG