Accessibility links

Косово албандарының оппозициялық партиясы кеңсесінің жанында жарылыс болды


ПРИШТИНА: Косово өлкесінің астанасы - Приштина қаласының орталығында жексенбі күні күн батқанда Косово албандарының оппозициялық ОРА партиясының кеңсесі жанында жарылыс болды. Полицияның хабарлауынша, жарылыстан 3 бала жеңіл жараланған. Бұл партияны косовалық бір албан басқарады. Оның меншігіне жергілікті газеттердің бірі қарайды. Одан бұрын кеше Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинадждың қаза болған інісін жерлеуге ондаған мың адам келді. Енвер Харадинаджды жұма күні белгісіз кісілер атып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG