Accessibility links

Астанада тұрмысы нашар балалардың жазғы демалысына 12 миллион теңге бөлінді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Он екі миллион теңге қаржы жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, ал, балалар үйлерінде тәрбиеленуші жетім балалар арнайы демалыс лагерьлерінде жазғы демалыстарын өткізуге жұмсалмақ.

Астана қалалық білім департаменті директорының орынбасары Амантай Балташеваның айтуынша, биылғы жылы қала бойынша 3 мыңнан аса бала жазғы демалыстарын лагерьде өткізеді. Бюджеттен бөлінетін қаржы қамқоршыларының қарауындағы 600 жетім баланың жазғы демалысын ұйымдастырып өткізуге қаралған.

Ал, қаладағы балалар үйінің «Боровичок» лагерінде демалатын тәрбиеленушілері өздері жыл сайын барып демалатын лагерьдің орналасқан жері, табиғаты қатты ұнайтындарын айтады. Балалар үйінің тәрбиленушісі, 6-шы сынып оқушысы Оля «Боровичок» лагеріне биылғы жылы алтыншы рет бармақ.

Лагерь бәрімізге ұнайды. Өйткені, онда күн сайын түрлі ойындар болады. Жазда суға шомыламыз. Спортпен айналысамыз дейді ол. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Дариман да жазғы демалысты лагерьде өткізіп, жаңа достар тауып, табиғат аясында демалғанды ұнатамын дейді.

Вика есімді балалар үйінің тәрбиеленушісі де лагерьде өте көңілді. Табиғатта, таза ауада демалған жақсы. Күн сайын қызықты жарыстар өтеді. Кейде басқа лагерь балаларымен баскетбол ойнауға барамыз. Күнге қыздырынып, демаламыз жазғы демалысты асыға күтіп жүрмін дейді ол. Виканың болашақтағы мақсаты мұғалім болу. Бұл таңдауын ол өзінің балаларды өте жақсы көретіндігімен түсіндірді.

Кішкентай Настя да балалар үйінің тәрбиеленушісі ол лагерьде тынығып, күнге қыздырынамыз, спортпен айналысуға да болады. Орманға барып жеміс-жидек тереміз дейді. Балалар үйінің тәрбиешісі Тамара Санабаева балалар үйі қала орталығында сондықтанда олар жазғы демалысты сағынып, асыға күтеді. Бала болған соң ренжісіп жататын кездері де болады.

Алайда, балалар өте тату –тәтті тұрады дейді. Балалар үйі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ольга Шеленжектің айтуынша, мұнда 253 бала тәрбиеленуде. Үш ай бойы балалар лагерьде демалады. Ал, білім және ғылым минстрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекованың айтуынша, биылғы жылы жалпы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 1,5 миллиард теңге көзделген.
XS
SM
MD
LG