Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Мехмет Әли Талатты жексенбі күні Түріктер Кипрында өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Мехмет Талат Кипр аралында кезінде екіге бөлініп қалған гректер мен түріктерді өзара біріктірмекші. Кипрдың солтүстігіндегі Түріктер республикасына соңғы 30 жылдан бері Рауф Денкташ жетекшілік еткен. Еуропа комиссиясы да бұл сайлау нәтижесін құптап, Кипр аралының Түріктер қауымына Талаттың басшылыққа келуі - бірігу жөніндегі келіссөздерге жол ашуы мүмкін дейді.

Кипр аралы 1974 жылы Түрік армиясы солтүстік аумақты басып алған кезде екіге бөлініп қалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG