Accessibility links

Ватиканда кардиналдар жаңа папаны сайлау үшін екінші рет дауыс береді


Дауыс беруге дүйсенбіде 115 кардинал қатысқан. Әулие Петр соборының мұржасынан будақтап шыққан қара түтін алғашқы күнгі дауыс беру нәтижесіз болғанын көрсеткен еді. Сонымен, күніне 4 мәртеден дауыс бергеннен кейін кардиналдар шіркеу мұржасынан 2 рет түтін жіберіп отырады. Егер мұржадан ақ түтін шықса, ол дауыс беру нәтижелі болып, әлемдегі 1 млрд 100 млн-дай католиктердің 265-ші рухани жетекшісі сайланғанын білдіреді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG