Accessibility links

Рим-католик шіркеуінің жаңа папасы сайланды


Бүкіл әлемдегі 1 миллиардтан астам католиктердің келесі рухани көсемі - 78-жастағы Германиялық кардинал Йозеф Ратцингерге Бенедикт XVI-шы деп ат қойылды. Жаңа понтифик Рим мен бүкіл әлемге батасын берді. Жаңа папаны католик шіркеуінің 52 елден жиналған 115 кардиналы сайлады. Көкектің 2-інде қайтыс болған Иоанн Павел ІІ-ден кейін, Бенедикт XVI-шы тарихта 265-ші Рим папасы болып отыр. Ватиканның ресми өкілдерінің хабарлауынша, Бенедикт XVI-ның инаугурациясы көкектің 24-інде өтеді.

Халықаралық қауымдастық Германиялық кардинал Йозеф Ратцингердің Рим-католик шіркеуінің папасы боп сайлануын оң қабылдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG