Accessibility links

Ирақта Ұлттық ұланның 19 жауынгерінің мәйіті табылды


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Хадита қаласында көтерілісшілер өлтіріп кеткен 19 ұлттық ұлан жауынгерінің мәйіті табылды. Ассошэйтед Пресс агеттігінің тілшісі сондағы футбол стадионының қабырғасы бойында қарама-қатар жатқан мәйітін көргенін хабарлап отыр. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадтың Амария ауданында автобомба жарылысынан 2 тұрғын қаза болып, тағы бірнеше адам жараланды. Сейсенбі күні түнде АҚШ-тың әскери керуені келе жатқан жолда мина жарылып, одан АҚШ-тың 2 жауынгері қаза тауып, төртеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG