Accessibility links

АҚШ елшілігі Қырғызстанның экс-президенті А.Ақаевты ресми биліктен кетіруге өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр


ДУШАНБЕ. Америка Құрама Штаттары Тәжікстанның мемлекеттік және тәуелсіз баспасөз құралдарында шыққан бір құжаттың түпнұсқа екенін түбегейлі жоққа шығарады. Алдымен ресейлік интернет-парақшасында, оның ізінше Тәжікстанның баспасөз құралдарында жарық көрген ол құжатта АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Стивен Янг қырғыз президенті А.Ақаевты Американың үкіметтік емес ұйымдарының көмегімен құлату жоспарын дайындаған дегенге келтіретін деген ақпарат айтылған болатын. АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің өкілі Дженифер Уошелески бүгін бұл құжат қолдан жасалған, ол құжаттың не АҚШ үкіметіне, не болмаса АҚШ-тың не Бішкектегі, не Душанбедегі елшіліктеріне ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG