Accessibility links

К.Райс: “Ресей мен АҚШ қатынастарының тереңдеуі үшін Ресейде демократия дамуға тиіс”


МӘСКЕУ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс бүгін Кремльде Ресей президенті В.Путинмен кездесті. Мәскеуге сапары алдында К.Райс В.Путинмен Ресейдегі демократиялық реформалардың жайын талдайтынын мәлімдеген болатын. “Эхо Москвы” радиосына берген сұхбатында да АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы осыны тағы қайталады.

- Ресейдің өз жолын табатынын біз түсінеміз және біз онысын сыйлаймыз. Біздің бар айтатынымыз: Ресей мен АҚШ қатынастарының тереңдеуі мен Ресей өзінің барлық мүмкіндігін көрсетуі үшін демократияның дамуы керек. Барлық билік президенттің қолында шоғырланбауы керек. Тәуелсіз баспасөз құралдары болуға тиіс, - деп мәлімдеді К.Райс.
XS
SM
MD
LG