Accessibility links

Ирақта Тигр өзеніне тасталған 50-ден астам адам мәйіттері табылды


БАҒДАД. Ирақта лаңкестер 50-ден аса адамды өлтіріп, олардың мәйіттерін Тигр өзеніне тастағаны туралы бүгін ел президенті Джалал Талабани айтты. Ирақ полициясының хабарлауынша, мәйіттер Бағдадтан 40 шақырымдай қашықтықтағы Сувайра қаласының маңайынан табылған. Өткен аптада шийт өкілдері Мадаин қаласында сүннилерден 100-ден аса адамды кепілдікке алып, олардың өмірі қыл үстінде тұрғанын мәлімдеген еді. Мадаинға Ирақ күштері басып кірген кезде, кепілдікте отырған ешкім аңғарылмады. Бүгін Ирақ президенті Джалал Талабани:

- Кепілдікте ешкім болған жоқ деген дұрыс емес, болды. Бірақ, олардың барлығы өлтірілді, - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG