Accessibility links

Украина президенті Виктор Ющенко бүгін Румынияға сапармен барды


Онда талқыланатын мәселелердің бірі - екі ел арасындағы территориялық дауды шешу. Украина мен Румынияның арасында Қара теңіз жағалауындағы мұнай және газ сияқты табиғи қорға бай аймақтағы жалпы теңіздік шекара сызығы бойынша да бірқатар келіспеушіліктер бар. Екі мемлекет, сондай-ақ, Украинаның Дунай өзенінің құйылысындағы канал құрылысы жөнінде де бірұдай пікірде емес. Европа одағы қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін алға тартып Украинаның бұл құрылысты аяқтауын кейінге қалдыруын өтінген болатын.

Бұл мәселелерді реттеу үшін Киев пен Бухарест 1997 жылы келісімдерге келу турасында келіссөздер өткізген болатын, бірақ олар орындалған жоқ. Румыния Халықаралық соттан Қара теңіздегі даулы шекара демаркациясын анықтап беруін сұраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG